KERAMA MARAZZI «BUILD FEST 2024! «МЫҚТЫЛАР УАҚЫТЫ» II БҮКІЛРЕСЕЙЛІК KNAUF ШЕШІМДЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФЕСТИВАЛІНДЕ

9 декабря 2024
KERAMA MARAZZI «BUILD FEST 2024! «МЫҚТЫЛАР УАҚЫТЫ» II БҮКІЛРЕСЕЙЛІК KNAUF ШЕШІМДЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФЕСТИВАЛІНДЕ

IRRI LOFT сәнді кеңістігінде құрылыс және әрлеу бойынша «BUILD FEST 2024! «МЫҚТЫЛАР УАҚЫТЫ» II Бүкілресейлік Knauf шешімдері мен технологияларының фестивалі өтті. KERAMA MARAZZI KNAUF компаниясының ауқымды іс-шарасына стратегиялық серіктес ретінде қатысты және бренд стендін көпшілікке ұсынды.


Build Fest — жеке құрылыс және жөндеу саласындағы жыл сайынғы ең ірі іс-шаралардың бірі. Фестивальге мыңнан астам адам қатысты. Көптеген қонақтар бір тақырыптық аймақтан екіншісіне өтіп, шеберлік сабақтар мен іскерлік бағдарламаға қатысып алаңда бүкіл күнін өткізді. Knauf және Ұлттық құрылысшылар қауымдастығының серіктесі болып табылатын елордалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері іс-шараға болашақ кәсіби саласын таңдауға бағытталған жеке бағдарлама бойынша қатысты.
KERAMA MARAZZI шығармашылық фотозонасын Олимптің ең күшті құдайларының жиынтық бейнесі - ежелгі грек құдайы безендірді. Оның қолында МАКСИ-форматты керамогранит тақтасы болды. Қонақтар компания өнімдері туралы пікірлерімен бөлісу, керамикалық материалдар бойынша сұрақтарына жауап алу, каталогтар мен фирмалық тұсқағаздармен, сондай-ақ жобаларда тамаша шешім бола алатын керамогранит үлгілерімен танысу үшін стендке белсенді келіп жатты.
Дизайн-сессия: KERAMA MARAZZI сонымен катар интерьер дизайнерлері мен сәулетшілер қатысқан дизайн-сессияны ұйымдастырды. Іс-шарада интерьер дизайнының заманауи трендтері, олардың қалай қалыптасатыны, сәулетшілер мен дизайнерлер үшін кәсіби байқаулардың маңызы, сондай-ақ “дизайнер – тапсырыс беруші” арасындағы қарым-қатынас туралы айтылды. Спикерлер қатарында: Ольга Михеева – KERAMA MARAZZI компаниясының сыртқы және ішкі коммуникациялар жөніндегі директоры, Анна Золотарёва – дизайнер, 2023 жылғы жүзеге асырылған жобалар байқауының Гран-при жеңімпазы, Александр Певно – сату сарапшысы, бизнес-тренер, «Сколково» бизнес орталығының спикері, Татьяна Фофонова – Interiors the Best интерьер журналының бас редакторы, Надежда Лашку – интерьер дизайнері және декоратор, Елена Орлова – «Ғылым. Дизайн. Технологиялар» қорының президенті
Теориядан тәжірибеге: Іс-шара қонақтары СУПЕРМАКСИ форматындағы керамогранитті кесу және төсеу бойынша тәжірибе сабағы өткізілген кеңістікке ерекше қызығушылық танытты. "Даймондс" сериясының тақтайшасы негізінде Surface Laboratory by KERAMA MARAZZI және Sigma компанияларының өкілдері бұл материалмен жұмыс жасаудың барлық кезеңдерін көрсетті. Sigma компаниясының маманы, ірі форматтағы керамогранитті кесу және тасымалдауға арналған арнайы жабдық жеткізушісі Арьян Печини мен Surface Lab өңірлік даму бөлімінің басшысы Эмиль Намазовтың тәжірибе сабағы жөндеу және құрылыс саласының мамандарын таң қалдырды. 120×320 см форматындағы тақтайшаны кесудегі жоғары кәсіби шеберлік іс-шара қатысушыларының назарын аудармай қоймады. Іс-шара аяғында Knauf компаниясының сарапшылары макси-форматтағы тақтайшаларды фирмалық желіммен қабырғаға төсеу бойынша тәжірибе сабағын өткізді.
Барлық дәрістер мен тәжірибе сабақтары аяқталған соң бас сахнада Knauf және KERAMA MARAZZI компанияларынан естелік сыйлықтар ойнатылып, жеңімпаздар жарияланды. Бірақ сыйлықтар мен тосын сыйлар мұнымен шектелген жоқ!

Build Fest 2024 фестивалінің арнайы қонағы Ресей Батыры, сынақшы-ғарышкер, полковник, техникалық ғылымдар кандидаты Антон Шкаплеров болды. Ол қонақтармен өз өмір жолы, ғарышқа соңғы сапары туралы бейнефильммен бөлісіп, залдағы көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Ең қызықты сұрақ қойған қонақтарға өз қолтаңбасы қойылған «Сила воли» кітабын сыйға тартты.
Осындай ерекше сәтпен Knauf компаниясының серіктестігімен өткен ауқымды «Мықтылар уақыты» фестивалі өз мәресіне жетті. Бізбен бірге болған қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

Жаңа жетістіктерге шабыттандыратын кештерде жолыққанша!


В стильном пространстве IRRI LOFT прошёл II Всероссийский фестиваль технологий и решений KNAUF для строительства и отделки «BUILD FEST 2024! Время сильных». KERAMA MARAZZI выступила стратегическим партнером в масштабном мероприятии компании KNAUF, на котором представила брендированный стенд.

Build Fest — одно из крупнейших ежегодных мероприятий в отрасли частного строительства и ремонта. Фестиваль посетили более тысячи человек. Многие его участники провели на площадке весь день, переходя от одной тематической зоны к другой, участвуя в мастер-классах и деловой программе. По собственной программе, с прицелом на выбор будущей профессиональной сферы, участвовали студенты столичных колледжей и вузов — партнеров Кнауф и Национального объединения строителей.

Креативную фотозону KERAMA MARAZZI украсил древнегреческий бог — собирательный образ самых сильных богов-олимпийцев, в руках которого была МАКСИ-плита керамогранита. Посетители стенда активно посещали стенд с целью поделиться обратной связью о продукции компании, получить ответы на свои вопросы по керамическим материалам, проконсультироваться по нюансам, получить каталоги, ознакомиться с фирменными обоями и образцами керамогранита, которые могут стать отличным решением в проектах.
Дизайн-сессия: Компания KERAMA MARAZZI также организовала и провела Дизайн-сессию, основными участниками которой стали дизайнеры интерьеров и архитекторы. Темы, которые затрагивались на сессии: тренды в мире дизайна интерьеров и как они создаются, важность участия в профессиональных конкурсах для архитекторов и дизайнеров, коммерческая составляющая профессии дизайнера в разрезе «дизайнер — заказчик». Среди спикеров: Ольга Михеева, директор по внешним и внутренним коммуникациям KERAMA MARAZZI, Анна Золотарёва, дизайнер, победитель конкурса реализованных проектов Гран-при 2023, Александр Певно, эксперт по продажам, бизнес-тренер, спикер бизнес-школы «Сколково», Татьяна Фофонова, главный редактор интерьерного журнала Interiors the Best, Надежда Лашку, дизайнер интерьеров и декоратор, Елена Орлова, президент фонда «Наука. Дизайн. Технологии»
От теоретических знаний к практическим навыкам: Гости мероприятия окружили вниманием пространство для проведения практикумов, где проходил мастер-класс по резке и укладке керамогранита СУПЕРМАКСИ-формата. На примере плиты серии «Даймондс» представители компании Surface Laboratory by KERAMA MARAZZI и Sigma продемонстрировали пошагово все этапы работы с этим материалом. Мастер-класс от эксперта компании Sigma, поставщика специального оборудования для резки и переноски сверхкрупных форматов, Арьяна Печини и Эмиля Намазова, руководителя по развитию регионов Surface Lab, произвели настоящий фурор среди мастеров по ремонту и строителей. Филигранная точность в работе по резке плиты формата 120×320 см не оставили никому шансов пройти мимо. По окончании этого мастер-класса эксперты компании Knauf провели практикум по укладке на стену плит макси-форматов на фирменный клей.
В завершении всех мастер-классов, лекций, презентаций на главной сцене были разыграны памятные подарки от компаний Knauf и KERAMA MARAZZI и объявлены победители. Но сюрпризы и подарки на этом не закончились — специальным гостем фестиваля Build Fest 2024 стал Антон Шкаплеров, герой Российской Федерации, космонавт-испытатель, полковник, кандидат технических наук. Он поделился историей своей жизни, о пути, который он прошел, видеофильмом о своем последнем полете в космос и далее ответил на вопросы из зала. Авторам наиболее интересных вопросов он подарил книгу «Сила воли» со своим автографом.
На этой возвышенной ноте масштабный фестиваль «Время сильных» в партнёрстве с Knauf было завершено. Мы благодарим всех, кто был с нами!
До новых профессиональных встреч, которые заряжают на новые победы!